Өзбекстан бірінші жартыжылдықта Достастық елдерінің арасында өнеркәсіптік өсу бойынша көш бастады

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Тамыздың  6-сы.  ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -  Өткен   жылдың сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда,   ағымдағы жылы бірінші  жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  ТМД елдерінің арасында     өнеркәсіптік  өндірістің ең  үлкен   өсу  көрсеткіші    Өзбекстанда  - 9,1  пайыз   және  Әзірбайжанда - 1 пайыз   тіркеліп  отыр.

Өзбекстан  бірінші  жартыжылдықта Достастық елдерінің арасында    өнеркәсіптік  өсу  бойынша  көш бастады

ҚазАқпарат тілшісіне   ТМД Мемлекетаралық  статистикалық   комитетінен  хабарлағанындай,      өнеркәсіптік  өндірістің ең   төмен құлдырауы -  Украинада (31,1 пайыз),   Молдовада (24,9 пайыз) және   Қырғызстанда (18,9 пайыз) тіркелді.

Ресей      өнеркәсіптік  құлдырау  қарқыны бойынша 14,8 пайыз көрсеткішпен  төртінші  орында  тұр.   Ал Тәжікстанда  - 13,3 пайыз,   Арменияда - 11,5   пайыз, Беларуста - 3,6 пайыз,  Қазақстанда - 2,7 пайыз  төмендеу    байқалады.