Өзбекстан бюджетінде қаржы таусылған
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Ташкентте американдық брендік автомобиль құрастыратын салондарда әлеуетті сатып алушылардан 2012 жылдың соңына дейінгі барлық коммуналдық төлемдердің өтелгені туралы анықтама талап етеді, деп хабарлады Росбалт.
Агенттіктің дереккөздерінің ақпаратына қарағанда, мемлекеттік мекемелердің көптеген қызметкерлерін де коммуналдық қызметтерді күн ілгері төлеуге міндеттеді. Бұл шара Өзбекстан тұрғындарына жылу, электр энергиясы бірнеше аптаға дейін берілмей іркілістер жиі болып тұрағанына қарамастан жасалып отыр.
«Өзбекмұнайгаз» ташкенттік кеңсесінің қызметкерлері де депозиттік төлем жасауға мідеттеді.
«Ташкент тұрғындары газ өндірушілер мен энергетиктерге орасан көп қарыздар болып отыр. Оны біздің есебімізден өтеуге ұйғарған, біз де қарапайым жарық пен газ тұтынушылармыз», - деді «Өзбекмұнайгаздың» аты-жөнін айтудан бас тартқан қызметкері.
Шыршық қаласының тұрғыны Кәрім-ака егер қызметкерлер төлеуден бас тартса, еңбекақысынан айырылатынын айтты.
Мұндай алым салудың себебі - Өзбекстанның бюджетінде ақша жоқ және коммуналдық қызметтерге қарыздар орасан көп. Бір ғана Шыршық қаласының тұрғындары электр желісіне 4 млрд.сум (1 млн. 430 доллардан астам) берешек.