Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу бойынша ЕО және Эквадормен келісімге қол қойды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу процесі аясында Еуропа Одағы және Эквадормен келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу бойынша ЕО және Эквадормен келісімге қол қойды
Фото: Daryo.uz

Бұл туралы ДСҰ мәселелері жөніндегі Өзбекстан президентінің арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлім етті. Оның мәлімдеуінше, құжат ресми Ташкенттің көпжақты сауда жүйесімен интеграцияны тереңдету жолындағы кезекті маңызды қадамы саналады.

— Еуропа Одағына мүше 27 мемлекеттің нарғына шығуға, тиісінше оның аясында жеңілдік алуға бағытталған келіссөздер сәтті аяқталды. Сонымен қатар, Эквадормен тиісті хаттамаға қол қойылды. Бұл ел Өзбекстанның Оңтүстік Америкадағы екінші ірі сауда серіктесі саналады, — деп хабарлады А.Урунов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу келіссөздерін биыл аяқтауға ниетті.

Еске салайық, ДСҰ-ға қосылу бойынша өзбек тарапы былтыр АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар