Өзбекстан электр жүйесі «KEGOC» АҚ-ның жұмыс істеу тәртібін сақтау туралы талаптарына назар аудармай отыр

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қазақстан Біртұтас электр жүйесі (БЭЖ) Ресей Федерациясы Біртұтас электр жүйесімен және Орталық Азия Электр тарату жүйелерінің бірлестігімен қатар жұмыс істеп келеді. Ал бұл жағдайда Өзбекстан энергия жүйесінің тұрақсыз жұмысы және қуаттың жоспарсыз сұрыпталуы апатқа қарсы автоматикалардың іске қосылуына және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тұтынушылардың ажыратылуына әкеп соқтырып отыр. Осының салдарынан өткен күзгі-қысқы маусымдарда «Қазақстанның Солтүстік - Оңтүстік» тасымалында 4 мәрте ажырату орын алып, 1300 мәрте апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Бұл туралы «KEGOC» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Аталған жағдай Қазақтан БЭЖ-нің Ресей Федерациясы энергия жүйесімен қатарлас жұмыс істеу тәртібіне да кері әсер етуде. Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін келісім қатынастары мен «Өзбекэнерго» мекемесі тарапынан ағымдағы жылдың басынан бастап алынған қызметтер мен электр энергия қарыздарын қайтару мәселелері реттелмеген. Сонымен бірге, қуатты реттеу (ағымдағы жылдың басынан бастап 10 миллион АҚШ долларынан астам сомаға жететін 2500 МВт көлемінде) келісіміне қол қойылмаған және осы жылдың қысқы маусымында Қазақстан БЭЖ-нен жоспардан тыс алынған 7 млн. АҚШ доллары сомасындағы энергия ақысы төленбеген. «KEGOC» АҚ-ның жұмыс істеу тәртібінің сақталуы жөнінде алға тартқан бірнеше мәрте талаптары «Өзбекэнерго» МАК тарапынан назардан тыс қалып келеді. Алдағы күзгі-қысқы маусымда өзбек энергия жүйесімен орнықсыз жұмыс тұтынушылардың жалпы ажыратылу бойынша жүйелік апаттарының туындау қаупін арттырады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған орай, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Өзбекстан энергия жүйесімен жекелеген жұмыстарға өту және Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының энергия жүйелерімен қатарлас жұмысының сақталуы жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Соңғы жаңалықтар