16:35, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Өзбекстан гимнасшысы Гиннестің рекордтар кітабына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 41 жастағы Өзбекстан гимнасшысы Олимпиада ойындарына қатарынан 7 рет қатысқаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды УзТАГ.
41 жастағы Чусовитина Олимпиада ойындарына қатысу саны бойынша әйел-гимнасшылар арасында әлемдік рекорд жасады. Ол 7 рет Олимпиадаға қатысқан әлемдегі жалғыз гимнасшы. Ардагер-гимнасшыға Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты табысталды.
Айта кетейік, ол Бразилиядағы Олимпиада ойындарында қолды тіреп секіру турнирінің финалында 7-ші орынды иеленді.