Өзбекстан халқының саны 36,8 миллионға жуықтады

Бір жылда Өзбекстанның халық саны 2,2 пайызға өсіп, 36,7 миллионнан асты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

ташкент
Фото: Ташкент қаласы әкімшілігі

«2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстандағы тұрақты халық саны - 36 799 756 адам (2023 жылдың 1 қаңтарында 36 024 946 адам). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 2,2%», - деп мәлім етті Өзбекстанның статистика агенттігі.

Мәлім болғандай, 2023 жылдың басынан бері халық саны 774,8 мың адамға көбейген. Ай сайынғы орташа өсім 64,6 мың адам болса, ал күнделікті өсім 2,1 мың адам.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Өзбекстанда 968 140 сәби дүниеге келді.

Еске сала кетейік, демографиялық болжамға сай, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 41 миллионнан асуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар