Өзбекстан қазан айында ең көп алтын сатқан ел атанды

Өзбекстанның Орталық банкі қазан айында басқа елдерге қарағанда көбірек – 11 тонна алтын сатты. Бұл туралы Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің (WGC) ай сайынғы деректерінде айтылды, деп хабарлайды Kazinform.

алтын құйма
Фото: Akio Kon / Bloomberg

Есепті кезеңде әлемдік орталық банктердің жалпы алтын қоры 42 тоннаға өсті.

Қазан айында бағалы металдарды ең белсенді сатып алушылар Қытай (23 тонна), Түркия (19 тонна) және Польша (6 тонна) Орталық банктері болды.

Бұл кезде алтынның негізгі сатушысы Өзбекстанның Орталық банкі болды – 11 тонна. Сондай-ақ Қазақстанның Орталық банкі 2 тонна алтын сатты.

Соңғы жаңалықтар