Өзбекстан көрші елдермен шекараны жауып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан билігі елге Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қазақстан - төрт мемлекеттен азаматтар мен көліктің өтуін уақытша шектеу шешімін қабылдады.

Өзбекстан көрші елдермен шекараны жауып тастады

Шектеу  25 маусымға дейін әрекет етеді. Бұл туралы өзбекстандық мемлекеттік шекара қызметі хабарлады, деп жазады Би-би-си.

Тыйым 15 маусымнан бастап күшіне енді. Шектеу Ош облысы Барақ Қара-Сууй ауданының (Қырғызстан) тұрғындарына қолданылмайды.

Тыйым себептері жайлы әзірге ештеңе айтылмайды.

Бұл Ташкентте 23-24 маусым күндері өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты болуы мүмкін.