17:53, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Өзбекстан Қырғызстан шекарасына қарай әскер тартып жатыр
ТАШКЕНТ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Өзбекстанның ішкі әскері Қырғызстанның мемлекеттік шекарасына қарай тартылып жатыр. Бұрын хабарланғанындай, бұл мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні шекара бекетінде орын алған оқиғаға байланысты болып отыр.
Атап айтқанда, Әндіжан облысының Ханабад аудандық әкімшілігіндегілер екі ел шекарасында жарылыс болғанын қуаттады. Сондай-ақ өзбектер жағында қарудан оқ атылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, адам шығыны болған. Өзбек жағының бастамасымен шекара бекітілді. Әскерилер Қырғызстанға баратын жолды жапты.Ресми емес ақпараттарға қарағанда, шекараға жақын орналасқан Ханабад және Әндіжан қалаларында тәртіпсіздіктер орын алды.Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Әндіжан қаласының орталығында елеулі тәртіпсіздік оқиғалары бұрқ ете түскен болатын. Ресми ақпарат бойынша, оны республикадағы ахуалды шиеленістіруге бірнеше мәрте тырысқан ислам экстремистері ұйымдастырды. Қорытындысында Ташкент АҚШ-пен арадағы қатынасты суытып, жедел түрде Мәскеумен байланыс орната бастады. Соңғы айларда Батыс Өзбекстанмен қатынасты жаңғыртуға дайын деген ақпараттар пайда бола бастады.