Өзбекстан Қырғызстанға Ресейдің әскери базасының орналастырылуын жөнсіз деп санайды

ТАШКЕНТ.  Тамыздың  4-і.   ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ -  Өзбекстан  Қырғызстанның   оңтүстігіне  ресейлік әскери базалардың  орналасу  мүмкіндігіне     қатысты ресми мәлімдеме  жасады.

Өзбекстан  Қырғызстанға    Ресейдің әскери  базасының  орналастырылуын  жөнсіз деп  санайды

ҚазАқпарат  тілшісінің  хабарлауынша,  «Жахон»   ақпараттық  агенттігінің (Өзбекстан Сыртқы  істер министрлігі  жанындағы   мемлекеттік ақпараттық  агенттігі)  дүйсенбі күні   таратқан   хабарламасында   ел басшынының осы мәселеге  қатысты  ұстанымы  айтылып  отыр.

Хабарламада  «өзбек  тарабы ағымдағы жылы тамыздың  1-інде  қол қойылған   Қырғыз  Республикасының аумағында   қосымша ресейлік әскери  контингентті  орналастыру  және   Қырғыз  Республикасының  аумағында   ресейлік  әскери  құрылымдардың    қалуын    реттейтін     екіжақты келісімшарттық-құқықтық  базаны  жетілдіру    және  әрі  қарай дамыту  жөніндегі   Ресей Федерациясы мен  Қырғыз  Республикасының   ниеттері  туралы»     меморандумда көрсетілген   Қырғызстанның  оңтүстігіне   ресейлік  қарулы күштердің  қосымша контингентін    орналастыру  жөніндегі  жобаны   жүзеге асыруға ешқандай  қажеттілік  көріп отырған  жоқ» екендігі  атап  көрсетілген.

«Жахон» агенттігі  «үш орталықазиялық   республиканың шекарасы    түйіскен     күрделі  және  жағдайды алдын-ала болжап   білу  қиындау  аумақта мұндай  жобаны  жүзеге асыру  қарулану   үдерістерін  күшейтуге  және   түрлі  ұлтшылдық     қақтығыстардың   өршуіне,  сондай-ақ  аймақтағы  жағдайдың  тұрақсыздануына  әкелуі  мүмкін     радикалды  экстремистік күштердің   бас көтеруіне   серпін  беруі   ықтимал»,  деп  хабарлап  отыр.