06:12, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Өзбекстан мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталын рэп арқылы жарнамалауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы мемлекеттік қызметтердің интерактивті бірыңғай порталының мүмкіндіктері туралы енді әннен білуге болады. Ол туындыны ел жастарына танымал рэпер Шохрух жазып шықты, деп хабарлайды Өзбек телеграф агентттігі.

«Электронды үкімет» жүйесін дамыту орталығының хабарлауынша, ән жастарға ұғынықты тілде Бірыңғай порталдың артықшылықтарын - оның интерактивтілігі, мәселені жылдам шешуге мүмкіндік беретіні, әрі адам факторының қатысуын болдырмайтыны жеткізілген.
Шохрухтың рэпінде, my.gov.uz - бұл жаңа бастамалар терезесі - әрі онда әрқайсысы да бірінші болатыны айтылған.
Өзбекстанда Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталы 2013 жылы 1 шілдеде тестілік режімде іске қосылған. Ол 23 бағыт бойынша тұрғындарға 230 интерактивті қызмет ұсынады, порталға 600 мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшесі қосылған.