Өзбекстан мен Черногория Астана хабына қатысушылар қатарына енді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы мен Черногория мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының қатысушы-мемлекеттері қатарына енді. Осылайша Астана хабына қатысушылар саны 40 мемлекетке жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан мен Черногория Астана хабына қатысушылар қатарына енді

«Хаб аясындағы ынтымақтастық бойынша ең үздік өңірлік және халықаралық тәжірибелермен алмасуды, әріптестік арқылы қатысушы-мемлекеттер арасындағы мемлекеттік қызмет әрекеттестігін жетілдіруді қарастырады. Бұдан бөлек, «теңдей дәрежедегілермен тең дәрежеде» қағидаты бойынша оқыту, зерттеу жобалары, қатысушы-мемлекеттер сұраныстарына бағдарланған жобалар бағытында ынтымақтастықтар жүзеге асады», - делінген мемлекеттік қызмет бойынша Астана хабының таратқан баспасөз баянында.