Өзбекстан мен Қырғызстан шекара туралы жаңа келісімге қол қоймақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 17-20 наурыз аралығында Өзбекстан мен Қырғызстан арасында шекараның делимитациясы мен демаркациясы мәселелері бойынша екі елдің үкіметтік делегациялары жұмыс топтарының кездесуі өтті. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап Росбалт хабарлады.
None
None

«Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы сызығының сипаттамасы жобасын және тиісті картографиялық материалдарды талқылауды жалғастырды. Оның қорытындысы бойынша кездесудің Хаттамасына қол қойылды»,-делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде тараптар проблемалық сұрақтар жоқ учаскелер бойынша Мемлекеттік шекара туралы келісімге жақын арада қол қою мүмкіндігін қарастыруда.

Соңғы кездері бірлескен шекарада бірнеше мәрте орын алған кикілжің салдарынан 2013 жылдың соңынан бері мемлекеттік шекараның делимитациясы мен демаркациясы бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар