Өзбекстан мен Қырғызстан шекараны делимитациялау мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош қаласында Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкімет делегацияларының өзбек-қырғыз шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі жұмысшы топтарының 10 күндік келіссөздері сәтті аяқталды, деп хабарлайды uzreport.uz .

Өзбекстан мен Қырғызстан шекараны делимитациялау мәселесін талқылады

Келіссөздер барысында екі елдің шекарасындағы барынша күрделі бөліктеріндегі далалық зерттеу және геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Бұл аумақтарға Өзбекстанда Әндіжан, Наманған және Фергана облыстарымен Қырғыз Республикасындағы Баткен, Жалал-Абад пен Ош облыстарының шекараласатын тұстары жатады.

Келіссөздер соңында тиісті хаттама толтырылды.