Өзбекстан мен Қырғызстанның шекарасында жер сілкінді
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК-нің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмологиялық станса жүйесі бүгін алматы уақыты бойынша түнгі сағат 04.28-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 508 шақырым жерде Өзбекстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. Тербелісі - MPV 4.3. Зілзала 15 шақырым тереңдікте орналасты. Жер сілкінісінің сезілуі жөнінде ақпарат жоқ.