Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды

ТАШКЕНТ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтің Корея Республикасына жасаған сапарының барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігінен.

Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды

ӨР Президенті И.Кәрімов Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың шақыруымен 19 қыркүйекте Сеулге мемлекеттік сапармен келді.

Екі ел президенттері ресми кездесуінің салтанатты рәсімі Корея мемлекет басшысының резиденциясы орналасқан «Чонг Ва Дэ» («Көгілдір сарай») тарихи кешенінде өтті.

Кездесу қорытындылары бойынша Ислам Кәрімов пен Ли Мён Бак екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық жағдайына баға берілген, болашаққа жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейтудің басымдық бағыттары көзделген бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Екі ел басшысының қатысуымен азаматтық және шаруашылық істері бойынша құқықтық көмек, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге, несиелік-қаржылық саладағы құжаттар топтамасына  және басқа да салалардағы құжаттарға қол қойылды.