Өзбекстан мен Тәжікстанда пияз бағасы рекордтық деңгейге дейін арзандады

баға
Фото: exclusive.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Пияздың көтерме бағасы Өзбекстан мен Тәжікстанда рекордтық деңгейге дейін арзандады. Бұл туралы EastFruit порталы хабарлады. 

Сарапшылардың айтуынша, жаңа піскен пияздың бір келісі көтерме саудада 10 центтен (шамамен 44 теңге) 20 центке (88 теңге) дейін бағаланып отыр. Бір тонна көкөністі 100 долларға (шамамен 44 000 теңге) сатып алуға болады.

Бұл баға жоғары сапалы, сұрыпталған және оралған өнімдер үшін жарамды. Диқандардың егістіктен жіберген өнімдері арзан бағамен сатылуда. 

Бір қызығы, Өзбекстандағы 2023 жылғы пияз жаңа дақылға қарағанда қымбатырақ. Сонымен қатар пияздың бағасы былтырдан бері тұрақты деңгейде қалған. Ал, жаңа ерте пісетін пияз арзандап жатыр. 

Мамандардың сөзінше, Өзбекстан мен Тәжікстанда ерте пісетін пияздың өнімі жоғары болады. Бұл өнімнің бағасының өсуіне жол бермейді. 

Соңғы жаңалықтар