17:36, 04 Қараша 2019 | GMT +6
Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының төрағасы Қазақстанға келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл - Танзила Нарбаеваның Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенатының төрағасы ретінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«4-5 қарашада Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаеваның Нұр-Сұлтан қаласына сапары өтеді. Сапар барысында Қазақстан Республикасы жоғары деңгейдегі мемлекет басшылығымен, сондай-ақ Парламент басшылығымен кездеседі деп жоспарланған», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Кездесулер барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» аясындағы мәдени-гуманитарлық мәселелерді және аймақтың сауда-экономикалық кооперациялық мәселелерін талқыламақ.