Өзбекстан өз ноутбуктері мен планшеттерін шығаруды жоспарлауда

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 2015 жылғы желтоқсанда Өзбекстандағы «Навои» еркін индустриалдық-экономикалық аймағында заманауи телефондар, планшеттер, ноутбуктер мен теледидарлар шығарылатын болады.
None
None

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Қытайлық Poyang shansung comers co. LTD компаниясы өзбек тарапының әріптесі болмақ. Ол Өзбекстанда UzHongKong бірлескен кәсіпорынын ашты. Кәсіпорын базасында гаджеттерді, электр-тұрмыстық техникаларды кеңінен шығару қолға алынуда. Жоспарланған қуаты - жылына 1,1 млн. бірлік. Осы жылдың соңына дейін шамамен 770 мың бірлік түрлі өнімдер шығарылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар