Өзбекстан өзінің «аса өнегелі» әлеуметтік желісін іске қоспақ

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап Өзбекстанда батыстық баламаларға бәсекелес бола алатын жаңа «Muloqot.Uz» әлеуметтік желісі іске қосылады,

Өзбекстан өзінің «аса өнегелі» әлеуметтік желісін іске қоспақ

деп хабарлайды ИА REGNUM.

Muloqot.Uz әлеуметтік желісі авторларының айтуынша, олардың жобасы «жалпыадамгершілік құндылықтары мен ұлттық салт-сананы, тең құқылық пен төзімділік қағидаларын насихаттап, жастардың моральдік және физикалық салауаттылығын жақсарту, олардың бойында жоғарғы адамгершілік қасиетін қалыптастыру үшін жағдай жасайтын болады». Muloqot.Uz әлеуметтік желісіне ұялы телефоны тек Өзбекстанда тіркелген пайдаланушылар ғана тіркеле алады, деп хабарлайды Полит.ру.

Ресми мәліметтерге сәйкес, «Одноклассники.ру» сайтына Өзбекстаннан күніне 350-400 мың пайдаланушы кіріп-шығатын көрінеді, ал әлемге әйгілі «Facebook» әлеуметтік желісіне 85 мың өзбекстандық тіркелген.

Өзбекстан байланыс және ақпараттандыру агенттігінің мәліметтері бойынша, 2011 жылдың басынан бастап Өзбекстандағы Интернет-пайдаланушылардың саны 7,7 млн-ға жетті, оның 4,27 млн. Интернетке ұялы телефон арқылы кіреді.