Өзбекстан президенті 2700 адамға рақымшылық жариялады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті 2700 адамға рақымшылық жариялады, деп хабарлайды меншікті тілші УзА сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толар тұста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2 700 адамға рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол қандай да бір жағдайларға байланысты қылмыс жасауға мәжбүр болған, өздерінің істегендеріне шын жүректен өкінетін, дұрыс жолға түскен, өзі тұратын жердегі және жазасын өтеуге арналған мекеме қызметкерлері тарапынан оң бағаланған 956 азаматты қамаудан босату туралы шешім қабылдады.
Рақымшылық шарасы аясында сотталғандардың шұғыл отбасыларына қосылып, елде жүргізіліп жатқан реформаларға белсенді үлес қосу үшін қоғамға қайта оралу мүмкіндігі беріліп отыр.