Өзбекстан Президенті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездесті
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов бүгін Самарқандта АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті, ол бұл елге ресми сапармен алғаш рет келді, деп хабарлайды 12news.uz.
«Вашингтон Азия елдерінің Ауғанстандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік үшін алаңдауларын бөліседі. Американдық тарап әсіресе, Ислам мемлекеті мен әл-Каиданың әректтеріне орай радикалды экстремизмнің таралуына байланысты мәселелерді жақсы түсінеді», - деп атап өтті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
Ол сонымен қатар Өзбекстан билігінің Ұлы Жібек жолының жауһарлары болып табылатын Самарқандтағы тарихи ескерткіштерді сақтауға деген күш-жігерін жоғары бағалады.