08:59, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Өзбекстан Президенті Брюссельде Еуроодақ және НАТО-мен арадағы қарым-қатынастарды талқылайды
ТАШКЕНТ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Брюссельге сапармен аттанды, деп хабарлады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың шақыруы бойынша өтіп отырған бұл сапардың барысында Өзбекстанның Еуроодақпен және НАТО-мен арадағы қарым-қатынастары, сондай-ақ өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мазмұндағы мәселелер талқыланбақ.
Сапар қорытындысы бойынша Өзбекстанның Еуроодақпен түрлі салалардағы өзара қарым-қатынастарын тереңдетуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.