Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға аттанды

ТАШКЕНТ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов Қытай Халық Республикасының Төрағағасы Ху Цзиньтаоның шақыруымен бүгін, 19 сәуірде Бейжіңге ресми сапармен аттанды. Бұл туралы «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.

Өзбекстан  Президенті   мемлекеттік сапармен Қытайға аттанды

Сапар барысында өзбек-қытай ынтымақтастығын әрі қарай кеңейту және дамыту мәселелері, өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мазмұндағы өзекті проблемалар талқыланбақ.

Келіссөз қорытындысы бойынша екі мемлекеттің түрлі саладағы өзара іс-қимылдарын әрі қарай нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.