Өзбекстан президенті Рамазан айттың алғашқы күнін демалыс күні деп жариялау туралы қаулыға қол қойды
ТАШКЕНТ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Кұрмат Самархан/ - Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримов Рамазан айттың алғашқы күнін демалыс күні деп жариялау туралы қаулыға қол қойды.
Өзбекстан мұсылмандар басқармасының ұсынысын назарға ала отырып қабылданған Өзбекстан басшысының қаулысына сай Рамазан айттың алғашқы күні жұмыс күніне - 2009 жылғы қыркүйектің 21-іне сәйкес келетіндіктен, бұл күн елде мереке ретінде кеңінен тойлануы үшін демалыс деп жарияланды.