Өзбекстан Президенті жаңа сыртқы істер министрін тағайындады
ТАШКЕНТ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтің Жарлығы бойынша Өзбекстанның жаңа сыртқы істер министрі тағайындалды,
деп хабарлайды Өзбекстан Сырқы істер министрлігінің ресми сайты.
Атап айтсақ, Элёр Ганиев Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Э.Ганиев бұрын Вице-премьер-Сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда министрі болып қызмет атқарған.
Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтің қаулысы бойынша бұрынғы Сыртқы істер министрі Владимир Норов Өзбекстан Республикасы СІМ бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.