Өзбекстан Президенті Жапонияға ресми сапармен барады

ТАШКЕНТ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов 8-10 ақпан аралығында Жапонияға ресми сапар жасайды.
None
None

Жапония премьер-министрі Наото Канның шақыруы бойынша жасалып отырған сапардың барысында өзбек-жапон ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету мәселелері, өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мазмұндағы өзекті проблемалар талқыланбақ.

Келіссөздер қорытындысы бойынша түрлі салалардағы екі мемлекеттің өзара іс-қимылдарын тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (Джайка) Өзбекстанда атсалысқалы отырған маңызды жобалардың бірі - Ауғанстанмен шекарадағы теміржол учаскесін электрлендіру жобасы, жапон тарапы бұл жобаға 200 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялауда.

Соңғы жаңалықтар