Өзбекстан президенттігіне үміткер И.Каримов бизнеске қысым жасайтын шенеуніктермен күреспек

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Республикалық БАҚ-тарда Өзбекстан президенттігіне осы елдің Либералды-демократиялық партиясының атынан сайлауға қатысатын үміткер Ислам Каримовтың баяндамасы жарияланды.

Өзбекстан президенттігіне үміткер И.Каримов бизнеске қысым жасайтын шенеуніктермен күреспек

Ислам Каримов мәлімдегендей, оның сайлауалды платформасындағы негізгі бағыттарының бірі бизнес құқықтарына қысым жасайтын шенеуніктермен күресу болмақ.

«Жеке мүлік пен жеке кәсіпкерлікті дамыту жолында көптеген әкімшілік кедергілер туындап жатады. Шенеуніктер кәсіпкерлердің құқықтары мен жеке мүдделеріне қысым көрсетудің бірнеше мысалын келтіруге болады. Бұл мәселені түбегейлі шешуіміз қажет», - деп атап өтті Каримов.

Оның сөзіне қарағанда, жеке кәсіпкерлердің шикізат ресурстарына қол жетімділік механизмін жеңілдетіп, үрдісті ашық жүргізу қажет.