Өзбекстан ресейлік сайттардан бас тартпақ

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан ресейлік сайттарға қосылуға тыйым салды, деп хабарлайды www.uznews.net.

Өзбекстан ресейлік сайттардан бас тартпақ

Өзбекстан 9 тамыздан бастап интернет әлемін қатаң бақылауға алды.

Өзбекстан басшылығы UZ ұлттық доменіне арналған Интернет-фестивальді жаппай ресейлік, батыстық және орталықазиялық жаңалық ресурстарына қосылуға тыйым салумен қарсы алды.

Тыйым салынған интернет-ресурстардың қатарына «Первый канал», «Россия», «НТВ» орталық телеарналары мен «РБК ТВ» іскерлер телеарнасының сайттары кірді. Интернет-шектеуге ресейлік қоғамдық-саяси және экономикалық басылымдардың, соның ішінде «КоммерсантЪ», «КоммерсантЪ Власть», «КоммерсантЪ Деньги» және «Независимая газета», «Парламентская газета», сондай-ақ «Правда», «Известия» сынды күнделікті басылымдардың сайттары ұшырады.

Өзбекстан интернет пайдаланушыларына сонымен қатар «Маяк», «Радио России» және «Эхо Москвы» радиоарналарының сайттарына да жол жоқ. Оған қоса ресейлік «Gazeta.ru», «Dni.ru», «Utro.ru», «Newsru.com» және «Cnews.ru» интернет-басылымдар да өз өзбекстандық оқырмандарынан айырылды.