Өзбекстан шекарасын бұзған 24 ауғанстандық ұсталды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан шекарасын бұзған мия тамырын заңсыз терумен айналысқан 24 ауған азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None

21 тамызда Арал Пайғамбар аралының аумағында Өзбекстанның Сурхандария облысындағы Әмудария өзенінде мемлекеттік шекараны бұзған және өз қайықтарын аралға әкелген Ауғанстан азаматтары анықталған. Олар Өзбекстан шекара отрядына қарсылық көрсеткен.

«Жүргізілген операцияның арқасында олардың кім екенін анықтап, тергеу шараларын жүргізу үшін Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын бұзғандардың барлығы (олардың саны - 24) ұсталды», - деп хабарлады шекара қызметі.

Тергеу нәтижелері бойынша Ауғанстан азаматтарының аралға келуіне Өзбекстанның шекаралық аймағында көптеп өсетін мия тамырын заңсыз өндіру себеп болғаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар