Өзбекстан СІМ басшысы Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын табысты деп атады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат -  Өзбекстан Республикасы  Олий Мажлис Сенатының 10-шы жалпы отырысында Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз   Камиловтың есебі алғаш рет тыңдалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өзбекстан СІМ басшысы Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын табысты деп атады

Абдулазиз Камилов  өз сөзін  есепті кезеңде қол жеткізген жетістіктерінен бастады.

 «Өткен жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақыт аралығында жоғары деңгейдегі 12 сапар ұйымдастырылды. Өзбекстан Республикасы Президентінің Түрікменстанға, Қазақстанға, Ресей мен Қытайға мемлекеттік сапары табысты болды, оның нәтижесі бойынша $37,7 млрд   сомасында 239 шартқа және келісімдерге қол қойылды», - деді сыртқы істер министрі.

Тұтастай, өткен 9 айда жасалған сауда-инвестициялық  келісімшарттар саны 320-дан астам болып, жалпы сомасы  $44 миллиардты құрады. Олардың  толық ауқымда іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында 13 елмен практикалық іс-қимыл жоспарлары бекітілді.

Отандық тауарлардың экспортын кеңейту мақсатында шетел мекемелері ұлттық компанияларға таяу және алыс шетелге жеміс-көкөніс және тоқыма өнімдерін, құрылыс материалдарын, автомобиль, ауыл шаруашылығы, электр-тұрмыстық техника жеткізуге келісімшарт жасасуға, Ресей, Қазақстан, Украина, Пәкістан, Ауғанстан және т.б. бірқатар елдерде өзбек кәсіпорындарының сауда үйлерін ашуға  жәрдемдесті, деп тоқталып өтті өзінің алғашқы есебінде Абдулазиз   Камилов.