Өзбекстан Тәжікстанды газсыз қалдырды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Өзбекстан ескертусіз Тәжікстанға табиғи газды жеткізуді толық тоқтатты. Бұл туралы Утро.ру сайты тәжік СІМ-іне сілтеме жасап хабарлайды. Осыған байланысты Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов елші арқылы Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмоннан хат алды.
None
None

Бір жарым ай бұрын «Өзтрансгаз» Тәжікстанға экспорттайтын газ бағасын көтерді. Газ бір текше метр үшін 26 доллардан 311 долларға дейін қымбаттады. Бұдан басқа, өткен жылы Өзбекстан көршілес елге 20 млн. текше метр (жоспар бойынша - 180 млн. текше метр) газды жеткізген жоқ. Өзбекстаннан импортталатын табиғи газды негізінен Тәжікстанның алюминий зауыты пайдаланған. Тәжік тарапы өткен жылы 2012 жылы газды жеткізу келісіміне қол қоюға талаптанған, алайда өзбек компаниясы өзінің тәжік әріптестерінің өтінішін әлденеше рет кейінге қалдырған.

Соңғы жаңалықтар