Өзбекстан тұрғындарының саны 31,5 млн адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан тұрғындарының саны 2016 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 31 млн 576,4 мың адамды құрады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Өзбекстан тұрғындарының саны 31,5 млн адамнан асты

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 553,9 мың адамға немесе 1,8 пайызға ұлғайған.

Қала тұрғындарының саны 50, 6 пайызды, ал ауыл тұрғындарының үлесі 49,4 пайызды құрады.