Өзбекстан жақыннан ұрыс жүргізуге арналған ресейлік зымырандарды сатып алмақшы

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Жақыннан ұрыс жүргізуге арналған Р-73Э авиациялық зымыранын шығарушы болып табылатын «Дукс» кәсіпорнының бас директоры Юрий Клишин «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында 2016 жылы бұл зымыранды Өзбекстанға сатудың келісімшарттары орнатылатынын хабарлады.

Өзбекстан жақыннан ұрыс жүргізуге арналған ресейлік зымырандарды сатып алмақшы

«2016 жылы біз өзара әрекеттесетін елдердің тізімі бар, яғни жаңа келісімшарттар жасалады. Бұл Қазақстан, Өзбекстан, Куба және басқа да елдер. Мәселе жүздеген зымыран туралы болып отыр», - деді Клишин.

Ол әрбір елдің жөндеу және сатып алу бойынша мүмкіндіктері, қаржы, ұшақтар саны бойынша белгілі бір шектеу бар екенін атап өтті.

«Әуе-әуе» класындағы Р-73 авиациялық зымыраны әуеде сағатына 2500 шақырымға дейінгі жылдамдықпен қозғалып келе жатқан нысандарды 5 метрден 20 шақырымға дейінгі биіктікте қирата алады. Зымыранды ұшырып жіберудің максималды қашықтығы 30 шақырымды құрайды. Р-73Э лазерлік және радиожарылғыштармен жабдықталуда. Зымыранның салмағы - 110 келі, ұзындығы - 2900 миллиметр.