Өзбекстан және Түркіменстан президенттері Әмудариядағы жаңа көпірді ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Өзбекстанның шекарасы маңынан Әмудария арқылы өтетін Түркіменабат-Фараб атты жаңа теміржол және автомобиль көпірін ашты.

Өзбекстан және Түркіменстан президенттері Әмудариядағы жаңа көпірді ашты

Мемлекет басшылары лента қиып, екі көлік магистралімен жүріп өткен алғашқы жолаушы атанды, деп хабарлайды Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі . 

Ұзындығы 1 750 метрге дейін жететін теміржол көпірі қатты жер сілкінісіне төзімді және аса ауыр жүк тасымалдайтын пойыздарды есепке алып салынған. Көпірдің асты өзенге дейін 10 метрді, ал ені - 60 метрді құрайды. Әмударияның екі жағалауындағы теміржол көпірінде жағалауды қорғау жұмыстары кешені құрылған.

Ашылудан кейін Өзбекстаннан көпірлердің бірімен теміржол құрамы жолға шықса, екіншісінен - түркімендік карбамид, маталар мен басқа да өнімдер тиелген жүк көліктері Өзбекстанға қарай беттеді, делінген хабарламада.