Өзбекстанда 1,1 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда екпе кампаниясының басынан COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1,5 миллионнан астам дозасы пайдаланылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда 1,1 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды

Ведомствоның дерегінше, бүгінгі күні елде вакцинаның 1 512 421 дозасы пайдаланылған. 1 151 313 өзбекстандық бірінші дозаны алса, екінші дозаны алғандар саны – 358 108.

Өңірлер арасында бүрынғыша Ферғана облысы көш бастап тұр, онда 204 065 адам екпе алған. Одан кейін рейтингте Әндіжан облысы. Онда 189 110 адам екпе алған. Наманган облысы – 168 835 және Самарқан облысы – 149 560 екпе алғандар.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда екпе кампаниясы 1 сәуірден басталды. Тұрғындарды вакциналау ауқымы бірте-бірте көбеюде: сәуірде ірі қалалар тұрғындары екпе алса, мамырда аудан орталықтары мен кіші қалалар тұрғындарын вациналау жалғасуда. Маусымда ауылдық жерлер тұрғындарына екпе салу жоспарланып отыр. Вакциналау үш препаратпен жүзе асады: еуропалық AstraZeneca вакцинасы, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы және ресейлік «Спутник-V». Бар болғаны үш айдың ішінде елде 4 миллион адамды вакциналау көзделіп отыр.