Өзбекстанда 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды
Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылы республикада 2965 қылмыстық іс тіркеліп, 3116 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Оның 110-ы республикалық, 264-і облыстық, 2742-сі аудандық (қалалық) басқарма қызметкерлері.
«Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар өзгенің мүлкін иемдену және жымқыру (2103), қызметтік бабын асыра пайдалану (265), алаяқтық (243), пара алу (169), лауазымдық жалғандық (51), лауазымдық немқұрайлылық (22), билікті асыра қолдану (14) және басқа да қылмыстар (249 адам)», - деп хабарлайды Бас прокуроратурадан.
Ведомствоның мәліметінше, заң бұзушылық салдарынан мемлекет пен қоғамдық мүдделерге 1,12 трлн сум (99 млн доллар) көлемінде шығын келтірілген, оның 847 млрд сумы (75 млн доллар) алдын ала тергеу барысында өндірілді.