Өзбекстанда 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 826 км жерде, Өзбекстан аумағында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Өзбекстанда  4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды

«2016 жылы 08 тамызда Алматы уақытымен сағат 17:50:28 жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай  826 км жерде, Өзбекстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 11,4. Магнитуда MPV 4,6. Ошақ координаттары 39.60° с.ш. 68.24° в.д. Тереңдігі 5 км. Сезілу туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ», - делінген  «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісінің хабарламасында.