Өзбекстанда 45 мың және Қырғызстанда 2 мыңнан астам қойдың қырылуына алып келген вакцина Қазақстаннан жеткізілген жоқ - ҚР АШМ

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінен мәлім еткендей,
None
None

интернет-ресурстарда малдардың қырылуына алып келген қойларды шешек ауруына қарсы егуге қатысты жарияланған ақпарат (https://www.kyrtag.kg/?q=ru/top_news/29046 ) шындыққа жанаспайды.

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік ветеринарлық қызметіне сілтеме жасай отырып таратылған хабарламада айтылғандай, «Өзбекстанның 3 облысында 45 мың және Қырғызстанда 2 мыңнан астам қойдың қырылуына алып келген вакцина контрабандалық жолмен Қазақстаннан әкелінген».

Бұл ретте ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті препараттың Қазақстан аумағынан контрабандалық жолмен жеткізілу фактісі болмағандығы туралы мәлімдеді. Бұны Өзбекстан Республикасының құзырлы мемлекеттік органдары да растап отыр. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының тиісті қадағалау органының қызметі контрафактілік вакцинаның сапасын растамады.

Оған қоса ӨР-ның мемлекеттік ветеринарлық қызметі вакцинаның өндірушілері (Бүкілресейлік ветеринария және микробиология ғылыми-зерттеу институты) туралы хабарлай отырып, өндірушінің орналасқан жерін, препараттың әзірленген күні мен жарамдық мерзімін көрсетпеген.

Соңғы жаңалықтар