Өзбекстанда 9 шілдеде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда 9 шілдеде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «UZA» агенттігіне сілтеме жасап.
None

Өзбекстан Президентінің жарлығына сәйкес Өзбекстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 9 шілдесіне белгіленді.

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 110 және 128-баптарына және Өзбекстан Республикасы Сайлау кодексінің 66-бабына сәйкес:

1. Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы 2023 жылдың 9 шілдесіне белгіленген мерзімнен бұрын тағайындалсын.

2. Осы Жарлық Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жіберілсін», - делінген жарлықта.


Соңғы жаңалықтар