12:12, 15 Наурыз 2020 | GMT +5
Өзбекстанда алғаш рет коронавирус анықталды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирусқа шалдығудың алғашқы оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨР Санитарлық-эпидемиологиялық саулық агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 15 наурыз күні сағат 06:00-де Республикалық вирусология институтының зертханасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы Францияда болған Өзбекстан азаматынан анықталды. Бұл туралы Өзбекстан елінің Санитарлық-эпидемиологиялық саулық агентітігінің T witter-дегі аккаунтында хабарланады.