Өзбекстанда Әлішер Науаидің 575 жылдығы атап өтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Өзбекстанның Ұлттық саябағында ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер Әлішер Науаидің 575 жылдық мерейтойына арналған шара болып өтті, деп хабарлады УзТАГ.

Өзбекстанда Әлішер Науаидің 575 жылдығы атап өтілуде

Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Мұхаммедәли Ахмедовтің айтуынша, Ә.Науаидің мұрасы - өзінің тарихи маңыздылығымен, ізгілік идеалдарына сәйкестілігімен бағалы, күллі адамзаттың игілігі. Ақынның шығармаларын бүкіл әлемде оқиды және зерттейді, түрлі тілдерге аударылады.