Өзбекстанда әскери қоймада болған жарылыстан 3,7 мыңнан астам ғимарат зақымданды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Сырдария аймағында орналасқан әскери қоймадағы жарылыстан 3,7 мыңнан астам ғимарат түрлі деңгейде зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өзбекстанда әскери қоймада болған жарылыстан 3,7 мыңнан астам ғимарат зақымданды

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, келтірілген шығынды анықтау және жою мақсатында тиісті сала министрліктері мен жергілікті билік өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

«Әскери бөлім жанында орналасқан кварталдар толығымен тексерілді. Нәтижесінде 3 742 тұрғын жай мен басқа да ғимараттың шатыры, қоршауы, терезелері мен есіктері ішінара зақымданғаны анықталды», - деп мәлім етті аймақ әкімдігі.

Бұған дейін хабарланғанындай, Өзбекстанның Сырдария облысындағы әскери қоймада жарылыс болды.

Өзбекстанда болған жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданында естілді.

Жарылыстан 16 адам зардап шекті.