Өзбекстанда автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып, үш адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Өзбекстанда жеңіл автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып,  салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жол апаты әскери көліктер колоннасы жоспарлы әскери дайындық өткізетін аймаққа бара жатқанда, Шахрисабз - Қаршы автожолында болды.

«Инспекторлар қозғалысты тоқтатуға белгі бергеніне қарамастан, «70 U 110 MA» нөмірлі «Ласетти» автомобилі мұны ескермеген. Соның салдарынан ол «ЗИЛ-131» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Үш адам - жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы  жарақат алған», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, қазір оның өміріне төнген қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар