Өзбекстанда әйел эскалатордан түсіп бара жатып сәбиін құлатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйел ұзын көйлегінің етегіне сүрініп, салмақ тепе-теңдігін жоғалтып, қолына көтерген баласын түсіріп алып, сәбиінен айырылды.
Қайғылы оқиға Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы сауда ойын-сауық орталығында орын алды. 12 метрлік биіктіктен кафель төселген еденге құлаған бала қаза тапты. Бұл туралы «Новости Узбекистана» порталы жазды.
Оқиға бейнеленген видео алғашқыда «Фейсбукте», кейіннен өзбекстандық БАҚ-тарда жарияланды. Роликтің ұзақтығы бар-жоғы төрт минут, алайда бұл таспадан эскалатормен төмен түсіп бара жатқан әйелді көруге болады. Бір қолына сәбиін көтерген әйел екінші қолымен үлкен баласын жетектеп барады.
Көйлегінің ұзын етегі қозғалып жатқан тетіктің баспалдағына қыстырылып қалған немесе өзі сүрініп кетуі мүмкін.
Басылым атап өткендей, сауда орталығының әкімшілігі қайғылы жағдайды түсіндіруден бас тартқан.