Өзбекстанда Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармасының желісімен фильм түсіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның ұлттық кино агенттігі Қырғызстанның «Дан» продюсерлік орталығымен әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» атты шығармасының желісімен көркем фильм түсіру туралы келісім жасасты.

Өзбекстанда Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармасының желісімен фильм түсіріледі

 Бұл жайлы Кабар агенттігі хабарлайды.

Жоба ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда кеңінен тойлау аясында жүзеге асырылмақ.

Шыңғыс Айтматовтың шығармалары дүниенің көптеген халықтары қатарында өзбекстандықтар арасында да кеңінен танымал. Өзбекстанда түсірілетін жаңа фильмнің аты «Сарвқомат дилбарим» деп аталады.
null 

ӨзА агенттігінің хабарлауынша, биыл Өзбекстанда Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын тойлап жатыр.