Өзбекстанда балабақшаға өтінішті онлайнда қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барша Өзбекстанға «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесіне балаларды қабылдау бойынша өтініш қабылдау» интерактивтік қызмет қолжетімді болуда, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі.

Өзбекстанда балабақшаға өтінішті онлайнда қабылдайды

Бұдан бұрын ол тек Өзбекстан астанасының тұрғындарына ғана қолжетімді болған. Онлайн қызмет Өзбекстан интерактивтік мемлекеттік қызметтің Бірыңғай порталында my.gov.uz сайтында қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің интерактивті бірыңғай порталының хабарлауынша, қызмет алушылар порталда тіркелген жеке тұлғалар болып табылады.  

«Қызмет алу үшін электрондық өтініш нысанын толтыру, оған электрондық цифрлық қолтаңба қойып,  қызметтің алдыңғы бетіндегі «Құжаттар» бөлімінен танысуға болатын қосымша құжаттардың электрондық нұсқасын жіберсе, жеткілікті», - делінген хабарламада.

Жолдама алу үшін берілген құжаттар онкүндік мерзімде қабылдау комиссиясында қаралады және қабылданған шешім туралы өтініш беруші үшкүндік мерзімде хабардар етіледі.

Қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.