Өзбекстанда бекер жанып тұрған көше шамдарына қарсы рейд басталды

көше жарығы
Фото: Өзбекстан Энергетика министрлігі

«Өзенергоинспекция» тұтынушылардың электр энергиясын тиімді және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық өңірінде рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Өзбекстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл шаралар тұтынушыларға осы ресурстарды үнемді пайдалануға, сондай-ақ желілердің шамадан тыс жүгіне жол бермеуге және бүкіл тұтынушыларды тұрақты энергия ресурсымен қамтамасыз етуге көмектеседі» дейді министрліктен.

Ауа температурасының төмендеуінен электр энергиясын пайдалану қажеттігі арта түседі.

«Осындай кездерде электр қуатын барынша үнемді пайдалануды, ал қажет емес жағдайларда электр құрылғыларын желіден ажыратуды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар