Өзбекстанда бес аяқты қозы туды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Джизакта ерекше ақ қозы туды. Жануардың ерекшелігі, онда төрт аяқтың орнына бес аяғы бар. Оның бесінші аяғы оң жақ бүйірінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сонымен бірге, жаңа туған жануардың маңдайында жүні жоқ деп хабарланды.

Өзбекстанда бес аяқты қозы туды

Атап өтерлігі, әлемде осыған ұқсас мутациямен туған жағдайлар аз емес: Америкадағы бес аяқты қозы, Алтайдағы бес аяқты және Ресейдің Новгород облысындағы төрт аяқты күркетауық. Сонымен бірге, 2012 жылы Науаи облысының Карманин ауданында алты аяқты бұзау дүниеге келген.

Мал дәрігерлері әзірге жануарлар мутациясының нақты себебін анықтай алмады. Мамандардың айтуынша, экологиядан бөлек, мутацияға түрлі факторлардың бүтін бір кешені әсер етуі мүмкін.

а
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы бетбұрыс кезеңі: қандай өзгерістер бар