Өзбекстанда бір күнде 50 мың адамға вакцина салынды
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат – 19 мамыр күні Өзбекстанда жалпы 50 179 азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина егілді. Оның 13 703 бірінші доза, 36 776 екінші дозамен вакцинацияланған. Бұ туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жалпы 1 462 491 доза вакцина қолданылған. Оның 332 793 дозасы екінші кезеңде жұмсалған.
1 сәуірден басталған вакцина науқаны аясында статистика бойынша елдегі аймағындағы халқының саны бойынша Ферғана алқабындағы үш облыс көш бастап келеді.
Ферғана облысында 196 255 доза,
Андижан облысында 183 619 доза,
Наманган облысында 162824 доза.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда 1сәуірде екпе науқаны басталды. Тұрғындарды вакциналаумен қамту біртіндеп кеңейтілуде: сәуірде ірі қалаларда жүргізілсе, мамыр айында аудан орталықтары мен ірі қалаларда, ал маусымда – ауылдық жерлерде жалғасады. Вакциналау үш препарат – еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек тараптары бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 және Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы арқылы жасалып жатыр. Үш айдың ішінде Өзбекстан 4 миллионнан астам адамға екпе салуды жоспарлап отыр.